Posted in

ҚҰТПАН АЙҒЫРДАЙ АЗЫНАДЫ

Жан даусы шығып, шырқырады; беттен алды. ~ “Құтпан айғырдай азынап келе жатқан кім? “Жедел жәрдем” шығар. Ажыратсаңдаршы. Моншақты жазым етер… Р.От. ~ Рас, ауруды ешкім тағдырдан сұрап алмайды. Алайда, кеселге шалдыққан күйеулерін айыптап, ауруханада көптің көзінше құтпан айғырдай азынаған талай сұлу əйелді көрдік кой. Н.Кел. ~ — Көрдің бе, бала?! Азуы пышақтай, арқасы ошақтай ағаларың, әне, үйірге түскісі кеп жүр. Ертеңгі күні құтпан айғырдай, ел шетін торып, азынап шыға келер, әлі-ақ! — деп тағы да лекіте күлді де, — жә, мен кетейін, — деп түрегелді. Ә.Нұрп.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *