ҚҰТЫН ҚАШЫРДЫ Берекесін алды; мазасын кетіріп, мезі қылды. ~ “Егiнiмдi жедiң ғой” деп зарлап барғанда, аяғының ұшына отырғызбай, әке бабасынан боқтап, Тәкежан мен Майбасар қуып тастапты. “Елдiң сұрқын кетiрiп, қайдағы сұмдықты бастағандар. Жер тырмалап, қоныс-өрiсiмнiң құтын қашырған сұмырайсыңдар” деген. М.Әу. * Жасынан жендеттікті жанына серік етіп, мал тапса есіріп, ауызы толса елге береке бермей, жан ұясының да құтын қашырған пенденің отбасынан бастап, өз өліміне дейін қандай қасыретпен айыақтады. Б.Жұм. * Ол әрине, қай тұста аяғын шалыс басып, дүниеқоңыздық жолға түскенін, сүттей ұйыған жылы ұясының береке- базарын бұзып, құтын қашырып алғанына мән бермеді. М.Сүн. ~ — Білсең, мені сол үйге дейін жеткізіп салшы. Мына қараңғы көше адамның құтын қашырады екен, — деді қыз жайбарақат дауыспен. Мұның сабалақ шашы да, сапсиғат сақалы да оған үйреншікті жағдай тәрізді. А.Рақ. ~ Қара түнек төнді сосын ғасырлап, Қара түгіл, ханның құтын қашырды-ақ. Жойқын күштен күрт азайған қайран ел, Ашкөз жаудың айтқанына бас ұрмақ… С.Дәм.
