Posted in

ҚҰТЫРҒАН ҚАСҚЫРДАЙ (ҚАСҚЫРША)

ҚҰТЫРҒАН ҚАСҚЫРДАЙ (ҚАСҚЫРША) Аласұрып шабынды д.м. ~ Ағаң жайын естіген боларсың. Құтырған қасқырдай қағынған ақтың жауыз жендеттері ақыры түбіне жетті — деп көзіне жас алып бетін басып отырып қалды. Мен не айтарымды білмей темен қарап бозарып отырмын. С.Бег. ~ Құтырған қасқырдай көздері алақ-жұлақ еткен Құтыз сұлтан бұл сөзді құлағына да ілмеді, жүрегі де жіби қоймады. Д.Рам. ~ — Ізде, ізде!— деді Баранов құтырған қасқырдай өз-өзінен аласұрып,— данышпандығың мен ақымақтығыңның шекарасы онша алыс емес көрінеді, мүмкін тағы барсаң, балық болып сүңгі де алып шық. Ә.Әб. ~ Көрсетейін мен сендерге! — деп, Кәркен құтырған қасқырдай алақтап, жердегі құрықты алып айнала сілтеп қалғанда, бір орнында міз бақпай тұрған Тоқаштың шекесіне сарт етті. Б.Тоғ. ~ Бәрі де қара бұқараны дүреледі, бәрі де қол жұмыс жүргізді, бәрі де момын халықтың басына қамшы ойнатты… Елге құтырған қасқырша тиді. Көңіліне ұнаған нәрсені алды. Бетіне қарсы келгенді ұрды. Елді күңірентті. С.Сей. ~ .— Ол бір соққан құйын емес пе?! Біздің ауылдың қатын-қыздарына құтырған қасқырша тиіп еді… Енді кездессе, қамшының астына алып сабар едім ол періні! Б.Тоғ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *