Ырыс, байлық-береке сыйлады. ~ Жерге қарай мал бітіп, Малға қарай құт болмақ. Қонысынан мал тайса, Құты кетіп, жұт болмақ. Д.Баб. ~ Ақыретін, Алла, оңғар, Әкеме дұға қылмаған Жалғаннан көңілім суыпты. Қалқыма шолпан, құт болып, Өмірінше бейкүнә Ғаріп пенен қасерге Қастық қылып тимеген. А.Байт. ~ Кейін малды қайта бөлгенде бізге жалы тұяғын жапқан қара бие тиді. Осы күнгі жылқымыздың бәрі соның тұқымы ғой. Жарықтық құт болып кірді. Т.Әбд. ~ Жаз бойы мал жайылмай тұяқ кесті болмаған, оның үстіне қайта-қайта төгіп жауған жаңбырдың әсері ме, әйтеуір Арқадан құлап төсінде бытырай жайылған ірілі- уақты мыңдаған малға құт болып тұр. О.Көш. ~ Иә, балам, қалжың айтам. Есік көргенді алма, бесік көргенді ал дейді. Жасынан ауыр тұрмысты кәріп өскен Лиза үйімізге құт болды. С.Жүн.
