ҚҰШАҒЫН ЖАЗДЫ Құшағын босатты. * Екеуі құшақтаса кетті. Бұлардың былтырдан бері кездесіп тұрғандары осы еді. Құшақтарын жазған соң, бір сәт бірін- бірі иықтан қағысып, түйгіштесіп алды. Сол баяғы Жұмаш: бұрынғысынан гөрі толысқан, қарын сала бастаған. Орта бойлы, кең маңдайлы, бұйра шашты — нағыз жазушының келбеті. Қ.Жұм. * Құшағын жазған Сергейдің жүзі құбылып кетті. — Ауыртқан жоқпын ба?! Ауырған жоқ па? С.Смат. ~ Жазық жерді сағынғаны сондай — сол етпеттеген күйі құшағын жазғысы келмейді. Н.Ақ.
