ҚҰШЫР ЖИДЫ Салық жинады (құшыр – діни салықтың бір түрі). ~ Тәкежан тырсиып, күйіп отыр еді. Ұрса жөнелді: – Ондай сопы болсаң, басыңа сәлде киіп, Дәркембайға арнап құшыр жисаңшы! – Қажет болса, құшыр да жиям. Халық қырылар болса, амандығым садаға!.. М.Әу. ~ Қасен молда бір жағынан елдің балаларын оқытады, жұма сайын жұртты мешітке жинап, имамдық құрады, қайыр-садақа, пітір, құшыр жинап алады. С. Ом. ~ Бұл күнде құшыр жинап тұрыпты өзі. Өмірде ақшадан бұл харам бар ма! Өтеді кезіп алуан адамдарға. Аралап қойны-қоншы саудагердің. Т.Әбд-а.
