Posted in

ҮЙІРГЕ ТҮСТІ

1. Айғырдың үйірлі биеге салынуы (сол сияқты киік, ақбөкен, қарақұйрық текелерінің, арлан қасқырлардың шағылысуы). * Қытай күллі халықтың ортасындағы толқыған егін еді. Қытайдың даусы ұлт топтарында үйірге түскен сақа айғырдың даусындай саңғырлады. Ж.Айм. * Өзі мекен еткен табиғаттың тылсымына терең бойлаған бұғылар да үйірге түсу мен төлдеудің өзін бір есеппен жасағандарын байқауға болады. Ж.Баб. * Ұлын көрмегеніне үш-төрт ай болған, көзі шүңірейіп, бұты тылтиып қалыпты. «Алты ай қыс үйірге түскенбісің, ұсқыныңды ұрайын», дей жаздады. Н.Дәут. ~ Ал мына қардың бетін осып, көсіле шұбалып жатқаны қасқырдікі. Қасқыр кейде бір сарыған жеріне қайта келіп сариды. Қаңтарда қатерлі болады. Топ-тобымен үйігіп жүреді. Үйіккенде бәрін жеңген арланы ғана үйірге түседі. Ж.Шәк. ~ Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Барлық, Алатау, Еренқабырға, Ерепей секілді тауларды мекен ететін кер бұғылары сол таулардың табиғатына қарай үйірге түседі де, бесон күн ілгерілі-кейінді бұзаулайтын көрінеді. Ж.Баб. 2. Өктемдік көрсетіп, даулы мәселеге бас сұқты д.м. * Әз Жәнібек ханның тоқалынан туған Үсік сұлтан ағыны тас ағызған Қасым мен Жәдіктермен тайталасып, үйірге түссе де, қасиетті таққа отыра алмай кеткен. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *