Posted in

ҮЙІР ҚЫЛДЫ

1. Өзіне тартты, бауыр бастырды. Біздікі орыс законы жақсы: қатынды ұрмайды, (қолтықтағанды көрсетіп) былай ұстап жүреді, тиатрғаапарады, гуләит қылады… деп, Ақбілекті үйір қылам деп, теке көз көп сөйледі. Ж.Айм. Бейсембі. Әбділдәнің кісі алғыштығы, бауырына тартып, үйір қылып әкеткіштігі бар-ақ. М.Әу. Демесін (кейіп). Құдайдың құдіреті, сол итті үйір қылып… (Шығады.) Б.Майл. 2. Әуес қылды; дәндетті. Бірақ, ләззат – тұзды су. Ішкен сайын шөлдетеді. Бақыт құсы ұстатпайды. Алда шоқақтап қашады даотырады. Адам байғұс соны қуып әлек. Сананы әлсірететін ішімдікке үйір қылады. С.Елу. Қарақалпақ пен қазақты жауластырып қойып, қызығына қарайтын әдеттері емес пе?" Қазақтарды бойынаүйір қылмасын" деп сәлем айтқан. Енесейдің қырыққа шыққан кезі. З.Шүк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *