Posted in

ҮЙ ІШІНЕН ҮЙ ТІКТІ

Бөлектенді, іргесін аулақ салды. * Байсалбайдың сырын тартып жүрмін. Ол: «Үй ішінен үй тігейік, сүйек жаңғыртайық» дейді. Ана Аманбайға Дәмешті сұрайды. М.Әу. * Ағайын атымен ел жинап, үй ішінен үй тігіп, топ құрау қолдан келмейді деп ойлайсың ба? Осы жауластық түбімізге талай жетпеп пе еді, айтшы, кәне… Т.Әбд. ~ .«Базардан қайтып келе жатқанда нем бар еді баланы тыңдап, бөлек шығам деп, енді жүрісім мынау үй ішінен үй тігіп, отыз жыл отасып сыралғы болған әйеліме қарсы кеп» – деп жаны күйзелді. С.Досж. ~ Енді қайтпекпін?! Атағы одақтан асқан есіл Арқарлы- ның шаңырағы ортасына түссе, отыз тоғыз ұлттың өкілі үй ішінен үй тігіп бөлек қос боп тарап жатса, не қайраным бар?! Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *