Posted in

ЖЫМДАЙ ҚЫЛДЫ

 Үнін өшірді, жуасытты. ~ Арнаулы торға қамалған иттер бізді көріп арсылдай жөнелген еді. Кіші инспектор-кинологтың «тыныш» деген бір ауыз сөзі оларды жымдай қылды. Әскери тәртіпке олардың да әбден көндіккенін байқадық. БАҚ “Атырау”. ~ Ол ағындай аққан қанымен болып жатқанда, Құлақты да оң жағына бір, сол жағына бір алма-кезек бұлғап-бұлғап қара жерге ұрғылай аяусыз аунатып алды. Жарғақ құлақты жапыра жымырып, жанын көзіне көрсете жазалап, жымдай қылды. А.Әбдеш. ..

Оқтай қылды, орайын келтірді. ~ Мұны кім шығарып жүр? — Қамидолла шығар, басқа кім дейсің? — Сөзді қалай ұйқастырады жымдай қылып. Т.Әбд. ~ Зергелерге кендір жіп Тартып түзу сымдай қып, Дәнекері қызыл қыш, Қатарлаймыз жымдай ғып. С.Сей.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *