Елтай соғыс бұрқағын басынан өткерген осы ұрпақтың бір тамаша қасиетіне бала жасынан куә: жетім-жесір десе шұрқырап үстіне түсе қалады. М.Қаб. Басқа бала болса, қанды көріп шошып кетіп, өзінің ызамен ұрғанына өкінер еді. Інісін аяп үстіне түсер еді. І.Ес. Туған бауырындай елжіреп, бәйек боп үстіне түсіп отырған ақ киімді қарындастың бетіне тура қарады. С.Омар. * Тынысы кеңіп, жаңа ғана шырқырап ұшып жоғалуға айналған жаны енді-енді ағзасына қайыра еніп, кірпігі қимылдаған жігіттің бетіне үңілді. – Қалайсыз, пірім? – деді үстіне түсіп кете жаздап. Д.Досж. * Таң сәулесі де жерге жылжи жайылып, тау жақтан соққан салқын самал Қаратайдың кек ала қойдай жаншылған денесін, қабарып, кей жері іскен қолдарын аймалап, үстіне түсіп мүсіркейді. Ш.Айт. Бұрынғыдай айналып-толғанып, үстіне түсе қалу жоқ: "Әке-шешең, әне, соларға барып еркеле!" дегендей, сырт айналып, үй шаруасымен күйбеңдеп кетті. М.Қаб. ~ Күйеуі сау кезінде өзеті үзіліп, үстіне түсіп кете жаздап тұрған кейбір келіншектерді күйеуі мүгедек боп қалғанда көрсең бар ғой, танымай қаласың. Әлгі әйелдер сағымдай құбылып, сабындай бұзылып шыға келеді екен. Н.Кел.
