Posted in

ҰЗАҚ (ҰЗЫН) СОНАРҒА САЛДЫ (ТҮСТІ)

Не болса соны айтып, әңгімесін соза берді. ~ Ерке тоқал билікке араласады. Тоқал олжа түсірсе, милығынан күледі де отыра береді: – Өй, сен ұзақ сонарға салдың ғой. Айтатын болсаң, айтсайшы, әйтпесе жатамын, – деп Кетік қисая кетті. Б.Май. ~ Мырзалық, Құлшарып деген жігіттеріміз бар. Тағы басқа да білетіндер табылар, – деп Тоғызбай отағасы ұзақ сонарға салды. Б.Майл. ~ Содан әңгімесінің тағы жібі босап: — белім кеше қасқыр аттап бастырмай шойырылып қалып еді… Соған қарамастан шапқаным… Тақ екі қасқыр базға түсе ғапты, түге, — деп сөзін тағы ұзақ сонарға сала берді. Мезгілі өтіп барады. М.Әу. * – Біздің орыс деп жүргеніміз ұлы орыс, кіші орыс болып бөлінеді, – деп, арба үстінде қайта-қайта ырғалып, құрысқан денесін жазып алған тоқпақтай Мәмбетәлі енді ұзақ сонарға түсті. С.Жүн. * Көпе-көрнеу отырып, үндемей қалсақ, ертең құдай алдында күнаһар болармыз,— деп Шәміл де ұзақ сонарға түсті. С.Жүн. ~ Қабдолладан басталған әңгіме ұзақ сонарға айналып бара жатқасын соны тақырыпқа аударып жібердім. С.Ом. ~ Сіз ұрысқан соң сыпырып алмақ болды, оның сәті түспеген соң ызаланды. Яғни мыңдаған ұп-ұсақ тамырлары ісінген. Тегеш сол себепті кептеліп қалған. Яғни…- деп ұзын сонарға салады. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *