Posted in

ҰЗЫН ЕТЕКТІ (ЕТЕК)

Әйел заты. ~ Мынадай түр-сипаты келіскен, кезінде ұзын етектінің көркемі сияқтанған әйелмен енді еркін әңгімелесудің лайығы барын сезді де: «Тексіз» деген сөзіңіздің төркініне түсіне алмадым, бәйбіше, – деді Ақтан. Б.Тоғ. ~ Қуанғанымнан шыңғыра жаздаймын. Сәлимадан басқа ұзын етектілердің өмір сүретінін сөйтіп дәлелдеймін. Тек Биғали аман болғай. Мейлі, Бөлек-Салақпен-ақ бетінен жарылқасын. Қат-қат дене, гүр-гүр дауыс… еркек қой, еркек. М.Қаб. * Әрине, үй болғасын ұзын етек біреудің қажеттігі шындық шығар. Ә.Асқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *