Posted in

ҰЙЫП ТЫҢДАДЫ

Қызыға, құмарта, бар ынтасын салып құлағын тосты. Ынта салып тыңдады, ықыласпен құлақ тосты. ~ Байеділдің сөзінен де қамшы болғаны жасырған жоқ. – Иә, солай де, – деді әңгімені ұйып тыңдап отырған Назарбек. Қ.Тұрс. ~ Жырды да, әңгімені де ұйып тыңдаған бала, ұзақ уақыт ұйықтай алмай, ішінен бұзық Бисенғалиға тістеніп жатып, бір кез тыныштала қалды. Х.Ес. ~ Шалдың екі жағына жаңбастай қисайып, әңгімені ұйып тыңдап жатқан әкем екеуіміз ғана. Д.Әш. ~ Алдияр үнсіз қарияның айтқан сөздерін ұйып тыңдап тұрып қалды. АҚ "Сексеуіл". ~ Таңқыбай Хакімнің сөзін ұйып тыңдады. Оның ешбір қалтқысыз дос көңілмен айтқан ақылын ата сөзіндей көріп қалды. Х.Ес.* Бәріміз іштен тынып, ұйып тыңдадық. З.Қаб. * Сөлкебайдың не екенін білуші ме едіңдер? — Таза алтыннан құйылған ақша емес пе? — деді әңгімені ұйып тыңдап отырған Есберген. Д.Әш. * Себебі, мұны оның бар айтқандарын ұйып тыңдап келген адамдар уақыт өте келе Ертекші қыздан қашықтай түскені көрсетіп берді. М.Рам. * Әнді мен үшін айтып жатқанын сезсем де, қабақ көтергем жоқ, төмен қараған қалпымда ұйып тыңдадым. Ә.Асқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *