Posted in

ҰЙҚЫСЫ ҚАНДЫ

Жақсы ұйықтап, сергіп алды. ~ Енді Алтынайдың ойы: шайын қайнатып, күйеуін оятып, Медеужанын ортаға ала, ағасының тізесіне шынтақтап үшеуден үшеуі ыңсыз-шыңсыз отырып, оразасын ашу. Шайын баптап қайнатып, әбден ұйқысы қанды-ау дегенде «Әлгіні» оятып, Алтынай бұл арманына да жетті. Ж.Айм. ~ Бала ұйқысы қанып оянса да, бір жері ауырып, яки төсегі тынышсыз болып жыласа да, оны шешіп алып қарау жоқ, емшегін алып барып баланың аузына сала қояды. Түнде ың етсе, бесікті албастыдай басып отырып алады. М.Жұмаб. ~ Бірақ, дәретке шығуға да дәрмендері жоқ. Айдарбек жібермейді. Қолында үлкен лөкет пышақ.- Тырп еткеніңді жарамын! – деп есікті арқасымен баса жүресінен отыр. Ол солай таң атып, күн көтерілгенше, начальник ұйқысы қанып оянғанша кірпік қақпастан отырды. Ғ.Мұст.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *