Көңілі болмады, көңіліне қаяу түсті. * Енді не қылу керек? Амал құриды. Соқыр иықтап қалмады. Додайдың ұнжырғасы түсті: Ағатай- ау, шөпті бітіргенше аялдасайшы! .. – деп жалынғаннан басқа айтары болмады. Ж.Айм. * Ұнжырғасы түскен Қисықмойын қайтып келгенде, үйінде отырған құдайы қонақты көрді. Т.Әлімқ. * Қараштың мына кейпін көрген соң, әлде өткен жолы беті қайтып қалған ба, ұнжырғасы түсіп кетті. Қ.Жұм. * — Мен… мен Василий Сергеевичтің пәтерін жалдап… Сонда тұрам, — деген Балтаның көзі жыпылықтап, мынандай сұлу періштенің алдында өзінің әлдебір пәтерші ғана болғанына кінәлі жандай ұнжырғасы түсіп кетті. С.Смат. * Қабатов қағытқан ұландықтардың ұнжырғасы неге түсіп жүр? БАҚ
