* Көңілі кенет бет ажарына ауған Нәргүл қолындағы көйлегін тастай беріп, шар айна алдында ұршықтай үйірілді. Р.Рай. ~ – Сіз боссыз, – деді ол осыдан кейін. — Мен ұршықтай үйіріліп, кейін бұрылдым да, аяғымды дік-дік басып, генералдың кабинетінен шықтым. Жарай ма осы деталь? Б.Мом. ~ Қозғалыстың, қимылдың барлығы да жылпың қағып, ұршықтай үйіріліп, танымастық тездікпен құлдырап тұрған сияқты. М.Әу.
