Posted in

ҰРЫП ӨЛТІРЕТІН АДАМ (КІСІ) ЖОҚ

Неткен ақымақ едім, өзіме де сол керек д.м. * Сонда да алдарына түсіп мөнтеңдегенім не соншама?! Әй, мені де ұрып өлтіретін адам жоқ… О.Сәрс. * Мені ұрып өлтіретін адам жоқ! Ұрып өлтіргісі келетіндер кектеніп жүрген болар, күйіп кетемін де, жүдә ұмытшақпын ғой! М.Шер. * – Кешір, Құлахмет! Қайдағы жоқ қысыр әңгімені қозғап нем бар еді, мені ұрып өлтіретін адам жоқ, – деді дірілдеп. Д.Иса. ~ «Бәрі… Бәрі өзімнен. Мені ұрып өлтіретін адам жоқ. Өзімнен. Шайтан базардың бірдеңеге ұрындырарын білмеп пе ем? Шайтан ұялаған жерде не жүрмейді. М.Сүн. * Осы жолға мені айдаған құдай ма, адам ба?.. Құдай да емес, адам да емес, шайтан түртіп, жоқ жерден кәсіп іздей қалған өзім! Мені ұрып өлтіретін кісі жоқ. С.Мұқ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *