~ Соншама көп бала асырағанда, ұшпаққа шығарады деп ойлайсыз ба? О.Сәрс. ~ Бұл жеңіс те ойраттың күйеу баласын ұшпаққа жеткізбейді. Әскері аштыққа ұшырап, Құбылайдың қоршауында қалады. Үлкен ағасынан кешу өтінеді. Ол бұл аралықта Атбасыдағы (Атбашы, Ыстықкөлдің жағасы) ордасында бас сауғалайды. Т.Жұрт. ~ Маған бәрінен де жалпақ қайыс белдігі ұнады. Кейін сол белдікті Өскенбай маған сыйлағанда, төбем көкке жетіп, ұшпаққа бір жеткенім-ай! Ш.Мұр. ~ Ескексіз қайықтай қалқып жүрген қазаққа ес кіргізетін өзім деп, кеуде қағып жүрген «қайраткер» қайтқан ба: «Бәрің де маймылсыңдар! Бәрің де мына тұрған (төрде ілінген портретті нұсқап) таза маймылдың ұрпақтарысыңдар. Көздеріңді тұздай қылып құртамыз!» дейді төріңе озып. Қалың қазақты оятамыз, есесін әпереміз деп дүрлігіп жүрген демократ сөзінің сиқы осы! Үкімет қызметін атқарып жүрген зиялы қазақтың көзін тұздай құртса қай қазақты ұшпаққа жеткізем дейді екен күпсінген төре. Ә.Ізб. ~ Өмі- рімнің өрлерін бүтіндей оқуға, білім алуға бағыштамақ едім. Қысқа жіп күрмеуге келмеді. Қырсықтың құрығы үзілмеді. «Міне, бақыт ұшпағына шығарар баспалдақ», – деп кім ұсынар алдыңнан игілікті. О.Бөк. ~ Қайран қорғасынды арқардың ерулік жеген лағына қор қылғанша, бізбен бірге азамат атысып, азамат асысып рахатләззаттың ұшпағына шықпаған аңғалсың-ау. А.Сүл.
