Жаңа, күтпеген әңгіме бастады; тосын сырдан хабар берді. Әй, сен енді әңгіме бетін тың шиырға салма. Тыныштық керек. Әлдененің ұштығын шығарып, қызылкеңірдек қып қоюға қандай сұнақтысың- ей?! М.Сүн. Жә, онысын қойшы, «елге жүремін, ел жақ қояр да қоймай шақырып жатыр» деген секілді әңгіменің ұштығыншығарса әйелінің табан астынан тас- талқан болмасына кім кепіл. Қ.Жиен. – Астана туралы толық кітап бастадым, – деді Иман әкім бұрын-соңды жан баласына айтпаған сырдыңұштығын шығарып. Д.Досж.
