Ата-анасына айнымай тартқан балаға айтылатын қошемет сөзі. (Кейде аталарының жаман қасиеттерін қабылдаған балаларға сөгіс ретінде де айтылады). * Сосын өзіне-өзі келгесін, қайтадан балаға төніп, көзінің қиығымен сығырайып Ботпайға қарады: – Бәтшағар, айнымай тартыпты-ау… Ой. ұқсамасаң тумағыр! О.Сәрс. * – Өй, ұқсамасаң тумағыр! «Ұры Тобықты, ұры Тобықты!» деп Керей, Уақ зар қағады. Қаршадай баласына шейін ұры болудың жөнін жете біліп тұр. Зар қақпай қайтсін Керей, Уақ!.. – деп өзі де күлді. М.Әуез. * – Ий, ұқсамасаң – тумағыр сорлы, әкеңнің сиқы анау, содан асып қайда барам дейсің! – деді кейісті болса да менің ендігі тағдырыма көндіккен дауыспен. Т.Сәу. * Мына отырған соның тұяғы. «Ұқсамасаң тума» деген сөзді бұрынғылар қалай біліп айтқан десеңші. О.Көш. ~ Жасыратыны жоқ, осыдан бірер жыл бұрын сирек те болса жол қапталында қалқайған қарағаш пен қаратал қарға да, қарғаға да пана болып тұрушы еді. Бірі де қалмапты… …Есіме әлгі Дешті қыпшақ көшпенділері түсе кетті. “Ұқсамасаң тумағыр-ай” десеңші?! И.Сап.
