Артық сөйледі не (байқамай) жөнсіздікке барды; ерсі қылық жасады. ~ Ұлылықтың сын-сипатын сөз тындырмас, іс тындырар, інім,— деді Шұнақ шал,— біз әдемі сөйледік, соған сәйкес ісіміз тым мінсіз, қаяусыз қияпатты болмады. Большевик болған осы деп тіпті аңғыртқа шауып, адас, әбес кеткен жеріміз көп болды. Оны қазақ большевиктері біліп істеді деу ағаттық болар еді. Б.Қыд. ~ Тас жолда тайраңдап, ағат кетсе де адымын алшаң басатын жүгенсіздер. Олар жол сақшыларына қалай шүйлікті және қандай жаза арқалады? БАҚ ~ Бұл оқиға сенің өміріңдегі бір рет кеткен ағаттық болса, мен оны елемеген де болар едім. Ә.Нұрш.
