Posted in

Ә ДЕСЕ, МӘ ДЕДІ

  1. Ілезде жауап қайтарды, тойтарыс берді. ~ Қазір біреу бірдеме десе, бас салып сабап тастауында шәк жоқ. Қасындағылары да өзіндей өңкей қисық, «ә десе, мә дейтін» тентек, сотқар жігіттер. С.Жүн. ~ Ой, құдай, жиырмадағы соқталдай жігітті «бала» деп мен де сандалам-ау, бала болса, үлкенге еткен болмашы ізет, сыйластығы болмай ма? Жо-оқ, ол шіреніп алып, Жәмеш «ә» десе, «мә» деп, тіл мен жағын безейді де тұрады. Д.Әш.
  2. Бет бақтырмас, көргенсіз адам туралы. ~ Ә дегенге мә десіп, өре тұрып, Бет ауызды соққыға бере отырып, Құладым деп оқыста ата-анаға Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік! Қ.Мырз. ~ Кеңес өкіметі келгелі айылын жиып еді де. Әйтпесе, арғы жерде ә десең, мә дейтін нағыз кіспұрыштың өзі еді де. С.Елу.