Posted in

ӘБІГЕРІ ШЫҚТЫ

Асып-састы, берекесі кетті, ығыры шықты, қуаты қашты, абыржыды. ~ …әйтеуір әлденеге жанталасқан, сүрініп-қабынып әбігері шыққан біреулер; бұлар да әлгі балалар сияқты буланған әйнектің аржағында су ішінде қалқып келіп, қалқып кетіп, жанталаса құйқылжып әбігері шығып жүр… Ә.Нұрп. ~ … кенет өкпесі қысылып, тынысы бұрынғыдан да гөрі қаттырақ тарылып талықсып кетті ме, қалай, әйтеуір әбігері шығып жүргендердің бірнешеуі жүгіріп кеп, қолдасып көтеріп сыртқа алып шықты… Ә.Нұрп.