Мәңгі өмір сыйлайтын қасиетті су (діни). ~ Әбілхаят суы сол жерде өсіп тұрған шыршалар мен қарағайларға шашырады. Олар мәңгілік жап-жасыл болып қалды. Ұ.Ес. ~ Жалғасты алға өрлеген олар, шыңның үстіне де шығады. Сөйтеді де, қалған жүздікке қасиетті суды қоршай қораланған сап құрдырып, «Әбілхаят» суына Жауғаш білгір мен Құзғын би екеуі ғана барады. БАҚ. ~ Мың бір ауруға шипа тауыпты. Қызыр «әбілхаяттың суын» ішіп, мәңгі жасайтын адамға айналыпты. БАҚ. ~ Аспаннан Әбілхаят суы жауса да, Тал ағаш жеміс бермейді. М.-М.
