Шама жоқ, шара жоқ, амалсыз. ~ Қанша дегенмен қырдың қара заңынан, мұсылманның қожа, молдасының шариғатынан Россияның заңы адамға мейірімдірек, рақымдырақ қой. Жеке адамның правосын, өмірін, мүлкін қорғаудағы Россияның ережесі әділірек. Олай болмасқа әдді жоқ. М.Әу. ~ Табан астында миымды найзағайдай аралап өткен ойдың мәнсiздiгiн пайымдауға да әддiм жоқ. Ж.Шағ. ~ Үй іші тағы ду күліп еді. Өтегелді іркілген жоқ. – Ол жағын тағы ойлап қойдым, Абай аға. Сары ит шықпаса, сол көшемен ілгері-кейінді шаба берем. Содан сары итіңіздің шықпасқа әдді бар ма?! – деп, Абайдың өзін де күлдірді. М.Әу. ~ Ақ батамызды алғың келсе, айтарымыз осы! – деді, айттым – бітті, кестім – үзілді үкіммен. Қызыл өгізін сатып, қып-қызыл ақшасын қалтама салып берген қызыл көз шалдың сөзінен аттап кетуге әддім қайда. Амалсыз осы оқуға түскенмін. Т.Сәу. ~ Шылбар-тізгінін уысында ұстаған ұлұғ мәртебелінің дегенін екі етуге әддісі қане. Иек изеген жағына дедектей жөнелген. Т.Сәу.
