Posted in

ӘЗІЛІ ЖАРАСТЫ

Сыйлас, сырлас, көңілі, сөзі жарасқан жандар туралы.
~ Бақтығұл демін ішіне тартып, көзін алмай соған қарайды. Әйелдер осының артында келеді. Бірен-сараны қайта-қайта бұған жанасып келіп, бірдеме айтып күліп, күлдіріп, әзілі жарасып келе жатқан сияқты. М.Әу. ~ Әзілі жарасқан Баянғали ағасы Сафуанға: – Кішкентай ханзада мен кішкентай әртіс қосылып, үлкен дүние жасаған екен! – депті. БАҚ
~ Әзілі жарасқан досы вагонның есігін аттасымен-ақ:
– Ойбай бауырым-ай, сені де көретін күн бар екен ғой. Нұр дидарыңды бір көруге зар қылдың ғой, – деп құшақтай салды. Т.Ахт.