Posted in

ӘКЕСІН ӨЛТІРГЕНДЕЙ

Қас жауындай көреді. ~ Бөкен ернін тістеді. Көкірегіне бір түйір тұз тұрып қалғандай, аузына кермек дәм келді. Расында, бұнда несі бар оның? Әкесін өлтіргендей-ақ көргеннен сызданып, бұралқы сөздерімен қажады кеп, қажады кеп. Д.Әш. ~ Бас шебердің өзінен бір мысқал асып кеткен кісіні әкесін өлтіргеннен бетер жек көретінін басқа білмесе де, бұл біледі. Ә.Кек. ~ Үй, шатпашы, әкесін өлтіргендей қатынның аяғына жығылмақпын ба енді! Қ.Шаб.