Posted in

ӘКЕСІН ӨЛТІРГЕН ЖОҚ

Айыпты емес; қастық қылған жоқ; жазықты емес; не кінәсі бар деген мағынада. ~ Түк түсінсе бұйырмасын… қараптан — қарап жүрген Шегені шпион етіп шығарғаннан бұған не пайда? Бұның әкесін өлтірген жоқ, қой Шеге. Тіпті 32-шы жылы үйден – үйге кіріп жүріп жұрттың ішіп отырған асын тартып алып, заготовкаға өткізген ақымақ Ждақайға да бұл бір ауыз сөз айтпап еді ғой. С.Ел. ~ Серікжан ешкімнің әкесін өлтірген жоқ. БАҚ