Posted in

ӘККІ ҚУ

Көпті көрген, айлакер, тәжірибелі алаяқ. ~ Байқаймын, көп домалақ арыздың иесі сол. Ол тері-терсек жинап жүрген жоқ, қиқым өсек жинап жүр. Бірнеше рет маған да кіріп шықты… ә, білемін… Ол бір әккі қу… Жұрт өзінен жаман қорқады. Б.Тоғ. ~ Шал сорлы патша заманында байшікештеу болған екен, өкіметтен қашып жүрмін деп Шалабай бандысының ішіне барады. Әккі қулар әрі-бері сынап көріп, бұл адамның тегін келмегенін сезген соң атып тастапты. Б.Тоғ.