Қуат-күші сарқылды, әлсіреді. ~ Университетке түскен жылы оның көп құмартатын армандарының бірі театр өнері еді. Енді міне тағдырдың қалауымен сол сенариді өзі жазып, аяғына жете алмай әл-дәрмені құрып жүр. Шексіздікке бой ұратын шектілік кейде қанатын талдырып, қарымын азайтады. Ж.Шәк. ~ Боз беткейге жеткенде Сұрша қос қапталына кезек бұрылып, «енді қалыңдар, кеш қарая өзім келіп алып кетемін» деуі мұң екен, әл-дәрмені құрыған екеуі қолдарын босатып, домалаң ете түсті. С. Мол. ~ Ыстықтан жанып барамын. Неге сонша ыстық? Интернат, ақ мешіт өртеніп жатыр екен деймін. Ақ киімді адамдар су сеуіп өшіріп жатыр екен деймін. Мені құтқармақшы екен деймін. Үстімдегі үш қабат одеялды аударып тастайын десем, әл-дәрменім жоқ. Ш.Мұр. ~ Көбінесе түнгi кезекшiлiгінде болатынмын. Сол күндердің бірінде күндiзгi күйбеңнен қатты қалжырап қатып қалыппын. Түннiң бiр уағында тоңып жатқанымды сезіп, сырғып кеткен жамылғымды алайын десем әл-дәрменім жоқ. Ж.Шәк. ~ Қоңыр аңы қойдай өріп жататын ен даланың да пейілі тарылып, тірі тышқан жолықпайды. Әл-дәрмені қалмаған үш бейбақ жығылып, сүрініп бір жерге келгенде біреуі сәл алға озады. Ы.Дәб.
