Posted in

ӘЛДЕКІМ ҚҰСАП

Бұндай қылық (іс) басқаға жарасса да, саған жараспайды д.м. айтылады. ~ Қазір, қазір. Бәсе, сүйтші, құлыным, әлдекім құсап сарғайып жата бермей,— деп Дәмелі күйменің алдыңғы жағындағы қол сандықты ашты. С.Жүн. ~ Өзің астанадан келіп, атқа мініп жүргенің не болғаның әлдекім құсап, — деп сөгіп тастады. Жат та кеп машина іздеді. Ш.Мұр. ~ Өйткені жанында Музлук бар ғой. Оның көзінше әлдекім құсап құлап жату ұят қой. Ш.Айт.