Қиын-қыстау заман келсе. ~ Ана сүтін ақтармыз, Баба салтын сақтармыз. Әлдеқандай күн туса, Алдаспанды қолға алып, Айбалтаны саптармыз!!! И.Сап. ~ Әлдеқандай күн туып, әлдекімге тап болам ба деген қауіппен қабырғасына қағаз тұтылған кішкентай ғана лас бөлмеге танауын тыға берді де, зәре-құты қалмай табан астында кері ытқып шықты. А.Чех. ~ Ұл қыламын десең сенің құлыңмын, Құл қыламын десең егер… соз басқа! Қақпадағы қақпан боп, Жауымды да бірінші боп атқам жоқ Әлдеқандай күн туғанда басыма, Әлдекімдей Отанымды сатқам жоқ. М.Рай.
