Posted in

ӘЛЕМ САСЫДЫ

Иісі шықты, бүлінді, сасып кетті. ~ Көз алдымда сондағы бір көргенім: лас малқора, қап-қараңғы үңгір, иісі әлем сасып, жидіп кеткен үй; ондағы аш-жалаңаш, ыңырсыған жас балалар… Ш.Мұр. ~ Қазыға тойсаң, қарта әлем сасиды. М-Мәт. ~ Аудан орталығында тұратын жорналиске сызу пәнінің мұғалімін аттандырып, ол он күннен кейін бөшке толы араққа киімшең түсіп кеткендей әлем сасып, аяғын әр жерден бір басып әзер оралған. Абырой болғанда баяндаманы бітіріп келіпті, әйтеуір. Н.Дәу.