Берекесі кетіп, иті шықты, ала шапқын, астан-кестен болды. ~ Әйелдер ойбайды салып, жылап жіберді. Шөптің, қидың, жүктің арасына тығылысты. Бөшкенің, әбдіренің ішіне кіргендер де, құдыққа түсіп кеткендер де болды. Ауыл құйын соққандай әлем тапырық. Қартқожаның есі шығып кетті. Ж.Айм. ~ Мына әлем тапырық дауыс кімдікі? Е, оң тізесінен орын берген Сарынжап екен ғой. Р.От. ~ Айсыз қараңғы түн. Егер күн жарықта болса, жігіттер әлем тапырақ шырақшы жүзіне көздері түссе, зәресі ұшар еді. З.Шүк
