Шамасы келгенше. ~ Халық үшін жанын қиятын адамдар, Махамбеттің айтуынша, қиялдағы адамдар емес, ондай артық туған адамдар халық арасынан әлі де көптеп шығады. Халық туғызған ондай жақсы азаматтарды Махамбет шын ынтасымен, әлі жеткенше көтере мақтайды. С.Мұқ. ~ Тағы да айтайын… Біз білетін бодандық, ең алдымен, одақтастық, пейілдестік… Бір–біріне деген қамқорлық… Бір–бірінің сөзін жерге тастамау… Әркім әлі жеткенше бір–біріне көмектесу… Кішінің үлкеннің саясынан пана іздеуі… Ә.Кек.
