Posted in

ӘЛІ ЖЕТПЕГЕН АҚЫРЕТШІЛ

Күшіне сенбеген, әлсіз адам ырымшыл келеді д.м. ~ Өзінен күштілерге қарсы алыса– алыса тауы шағылып, тауаны қайтқан адам ғой. «Әлі жетпеген ақыретшіл» дейді. Дінге бой ұрып, құдай жолына кеткені де содан болар… Қ.Жұм. ~ Сені Қымбатпен үйленген соң көрейін бәлем!.. – Әлі жетпеген ақыретшіл, – деп Жолдыбай сылқ– сылқ күлді де, құрдасының, саусақтары быртықтау, етті, жуан, алақаны шуашты тершең қолын қатты қысып, қоштасып аттанды оның үйінен. Т.Рыс.