Күш- қуатынан айрылды, қалжырады, қатты шаршады, әбден титықтады. ~ Бір кез сирек кірпікті жігіт қылғына қырылдады. Сайлаубек жалт қарады. Ұйпалақ шашы термен шыланған Лexa серігінің алқымынан қаншеңгелді сығымдай қысып, буындыра қарыстырып барады екен. Аларған көздер шарасынан шығып, әл-дәрменнен айрылып, өлеусіреп сала берді. С.См. ~ Әдетте көпшілік биік шыңдарды бағындыру мен әл-дәрмені қалмай әлсіреу қатар жүреді деп есептейді. Мүлдем олай емес. БАҚ.
