Posted in

ӘРЕҢ ДЕГЕНДЕ

Әзер-әзер; бар күшін сарп еткенде ғана деген мағынада.
~ Ұлпан әуелі оның өкшесіне шығып, жағасынан тартып әрең дегенде қолы мойынға іліккен соң: — Енді тұр! — дейді. Ғ.Мүс. ~ Бір қалыпты көлік тербелісінен Самат ұйықтап кетті. Түс. …Биік таудың басына қара терге малынып, әрең дегенде өрмелеп шығып, ұшар ұшынан жалаң қолмен тырмалап, тұма көзін ашуға кірісті. З.Төл. ~ Сонда қыстай жемде, жаздай бос жүрген екі торы бар. Соны сұрап бер деп жалынады. Ол көнбейді. Майы деп Әбітай қолына ақша қыстырады. Қойшы әйтеуір, өліп-талып әрең дегенде сұрап алып, Торғын екеуі түн ішінде шайқалтып келе жатады. К.Қаз.