Posted in

ӘР ШӨПТІҢ БАСЫН БІР ШАЛДЫ

Не болса соны әңгіме қылды, бет алды сөйлеп кетті. ~ Қара қыз қара жапырақтатып, әр шөптің басын бір шалып, тағы да тантып кетті. Т.Рыс. ~ Түстік қанаттағы орман ішінен ши қалпақ, шолақ көйлекті жирен сақал орыс жігіті көрінді. Әр шөптің басын бір шалып, көк шалғынды шиырлап, қағазға бірдеңені түрткілеп жазып жүр. Ә.Асқ. ~ Өтегеннің бір сөйлесе тоқтамай, әр шөптің басын бір шалып, сырқырата беретінін бұрыннан білетін Ақтоты, енді оны еркіне қоя бергісі келді бір сәтке. Т.Рыс. ~ Жеткізетін жақсы хабарың болса, айт. Әр шөптің басын бір шалмай,- деп Ақтоты, Қымбатқа қарап, қабағын көтеріп қойды. Т.Рыс. ~ Қаза берсек, қайсы заманнан да мін шығады… Саркемпір мен Ақтоты әр шөптің басын бір шалып, бұл жолы көп- көрім әр қиырдан әңгіме шертті. Т.Рыс.~ Саркемпір мен Ақтоты әр шөптің басын бір шалып, бұл жолы көп- көрім әр қиырдан әңгіме шертті. Т.Рыск.