Құрбан шалды, садақа берді. ~ Әулие қоймай қыдырып, Етегін шеңгел сыдырып, Жеті пірге танысқан. Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып, Қабыл болған тілегі, Жарылғандай жүрегі. Аналықтай бәйбіше Қабырғасы майысқан. “ҚҚҚ”. ~ «Жылқы ішінде аламын, Қылшық жүнді қарамын. Аға менен інім жоқ, Жеке туған дарамын. Тоқтар менен Аналық Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып, Шыбын жанын және айтып, Безіп дүние малынан, Тірідей безіп жанынан, Тілеп алған баламын. “ҚҚҚ”.
