Posted in

ӘУЛИЕ ТҰТТЫ

Киелі адамға балап, пірдей көрді. ~ Осы, қазақ байдың көңілі кең, пейілі таза кездегі қалыпты мінезі. Әйтсе де, менің еркелігім жай ғана жақсы көру емес, әулие тұту, табынуға жақын, ерекше ыстық сезім нәтижесі сияқты. М.Мағ. ~ Сендер менi әулие тұтасыңдар. Ол бекер! – дедi Аруақ өзiмен өзi сөйлескендей сыбырлап. Т.Сәу. ~ Әлім іші қаракесек Ақтан батырды да әулие тұтады… З.Шүк. ~ «Хажы, хажы» деп, құдайдан басқаны білмейтін алжыған шалды әулие тұтады түге! Ертең айдалғанда көрерміз әуселесін!.. Б.Тоғ.