Posted in

ӨЗЕГІН ЖҰЛЫП (ҮЗІП, СУЫРЫП) БЕРЕДІ

Жанын салады, ештеңесін аямайды, өлуге бар. * Тегінде, өзінің мінезі шатақтау ма десем, олай емес, өзім дегенге өзегін жұлып беруге даяр, нағыз жаны жайсаң жігіттің төресі болып шықты. З. Әбд. * Ал Салиха жеңгесі өзінен екі жас үлкен, он тоғыздың оңтайында, аралары бірер жас қана, өзі десе, өзегін жұлып берерлік шын жанашыры ғой. Ш.Құм. * Бала дегенде өзегін үзіп берер сол асыл қасиетіңіздің өзінде үлкен нығмет бар екен. Оған мына хадис дәлел: «Түн ортасында оянып, бала-шағасының үстін қымтап, елжірей қамқорын төккен әкенің барлық күнәлары кешіріледі». Б.Үсей. * Қысқасы, оның өлеңі өмірі, өмірі өлеңі еді. Иә, солай, өлең дегенде өзегін суырып беруге әзір, өндір таланттың соңында өлмес мұралары қалды.  БАҚ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *