Posted in

ӨЗЕГІН (ӨЗЕКТІ) ЖАРЫП ШЫҚҚАН

Туған перзенті. ~ Тумағанның тынысы бөлек деген осы да. Өзегін жарып шыққан өз баласы болмағасын жандары аши ма, бұлардың, – деп бұркылдады Қарлығаш.  С.Досан. ~ Оның баласы бұған бала болмас, бірақ Розаның мейлі, бұрынғы байынан болсын, өз өзегін жарып шыққан перзенті ғой.  Н.Дәу. ~  Өзi мұңайғандай “Жалғыз келiп дүниеге жалғыз кетiп барады”. Артына қарайлайтындай кiмi бар? Өзектi жарып шыққан өлең-жыры қол бұлғап тұрғандай. К.Әм. * Ана-жүрек осылай деп зар иледі. Басқалар көндіккен сұмдыққа бұл көндіге алмады. Өзінің өзегінен шыққан жалғызды жаутаңдатып жау қолында қалдыруға жаны төзбеді.  Ш.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *