Posted in

ӨЗІМЕН КЕТСІН

Құрысын, әрмен кетсін, бетін аулақ қылсын д.м. ~ Мұғалім атаулының бәрі осындай болады екен дей көрмеңдер. Мына шырақ өзімен кетсін! Б.Май. ~ Қойыңдар. Өзімен кетсін!. Орын-орындарыңа барыңдар, кәне,— деп Сәйдім ақсақал бізді таратып жіберді… Ғ.Қаб.  ~ – Жарықтығым, ендігәрі Абайды бұндай жерге бастай көрме! Тіпті, басың жас, үлкеннің ондай бәлесінен өзің де аулақ жүр! Өзімен кетсін! Көріп-біліп нетесің? – деді. М.Әу. ~  — О, жаратқан сақтай гөр,— деп арба үстіндегілер бөрлігісіп жатыр. — Тфа, тфа өзімен кетсін. Өзімен… — Өзімен кетсініңіз не, aпa? — деді бүйрек бет, қара торы қыз ту сыртын беріп отырған қарияға бұрылып. М.Сүн. * Тұрып тоңазытқышты ашып, шөлмектерге біраз көз салып тұрды да: «Жоқ, Асыраубай, – деді өзіне-өзі. – Енді ұмыт бұл пәлені. Енді өзімен кетсін. Енді таза ниетке таза деніңмен кіріс». Н.Дәу.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *