Posted in

ӨЗІМЕ ДЕ ОБАЛ ЖОҚ

Өзін кінәлі санап, өкіну. ~ Өзіне де обал жоқ, қайдағы бір бейбақтың боз інген бошалап кеткен жылы жоғалған ұлының суретінде несі бар еді? Д.Әш. ~ Мана шай ішіп болған соң шығып кетпеген екенмін. Өзіме де обал жоқ. Е.Жең. ~ Бiлмей қалсам ұят болады. Өзiме де обал жоқ, бағана география пәнiн ғана айтсам ғой, бұл сұрақты қоймас едi. Б.Сар. ~ – Ойбүй, сонысы бар екен-ау. Өзіме де обал жоқ. Екі ортада Бөпештің біраз зәресін ұшырдым-ау онда мен.  С.Смат.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *