Posted in

ӨЗІМ ДЕГЕН

Жақын тартқан, сенім артқан (адамы). * Алдын ойлаған, өте рушыл Төре би, тек өзі ғана кетерілген жоқ, шамасы жеткен жерге, түбі сойылын соғар атқа мінер, өзім деген пысықтарын жоғарылата жүрді. І.Есенб. *  Қырық жылғы құдасын көргендей құшақ жая ұмтылар еді. Ойдан-қырдан жүдемелетіп әңгіме соғар еді. Өзге етікшілердің өзім деген кісілерге қол ұшын беруге әзер тұратын жомарт мінездерін мысалға келтірер еді.  Қ.Жиенб. *  ─ Менің жаңағы айтқандарыма сен қалай қарайсың? Бізбен бірге боласың ба? – деді Оспан. ─ Аянатын нем бар? – деді Қасболат, – сендермен бірге боламын, елдегі өзім деген кедей – жалшыларды қасыма ертіп, уәде айтқан жерлеріңе жетемін.   С.Омар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *