Өз еркімен өмірден безді, өзін өзі өлтірді. * Өз-өзіне қол жұмсау – адам мен жануарларда болатын табиғат құпиясы, ұрпақ қорғау тектілігі. Ж.Баб. * Әрине, князь Дуань басында, қатты қорланып, өзіне- өзі қол жұмсай жаздаған кездері де болды. Қ.Жұм. * Дүниені талақ қылатын адам, өзіне өзі қол жұмсауға бел шешкен адам өмірден жериді, өмірдің құны оған бес тиын болады, адамдардың қылығы, тіршілігі ұсақ көрінеді деуші едіИ… Ә.Тар. * Демежан қазасы кезінде Бибі де өзіне қол жұмсап, күйеуінің соңынан аттанып кетуді көп ойластырған. Қ.Жұм. * Бәлiкiм, адамзат тарихындағы бұлғақ кезеңдерде өзiне-өзi қол жұмсап, жұмбақ жағдайда өлетiн ұлылардың осылай бар сенiмiнен жұрдай боп айырылып, жүрегi бос қара қуысқа ғана айналған байғұстар шығар. Ж.Шағ.~ Өзіне өзі қол қатқан жаназасыз көмілмек. Өзіне өзі қол қатқанды көре тұрып араша түспеген де күнәхар! Мына тұрған бәрімізді имансыз қалдырғың келмесе, арқанды маған бер!. Қ.Ысқ.
