Posted in

ӨЗІҢДЕЙ КӨР

Басқаны өзіңе теңе. ~ Зиба. Айып демеймін, бірақ… (Aз тоқталып күрсініп.) Өзгені де өзіндей көр: намысқа шаптым деген боп Қазына келініңе қол артқалы жүрген жоқсың ба? Б.Май. ~ – Екеуміздің жүрегіміз бір соғады-ау! Көремісің? Айтқаныңа қуандым. Мені де өзіңдей көр! – деп қалды. М.Әу. ~ — Ендеше, әркімді де өзіңдей көр. Сенін, ішің балаңа уылжығанда, Ескендірдің шешесінің іші уылжымайды дейсің бе. Жүдә обалына қара оның, жылатпа, қарғатпа!.. С.Мұқ. ~ Ал сен өз балаңды ғой жақсы көресің. Басқаларды да өзіңдей көр. Өз балам мектепке баратын жылы, келесі күзде бітер дегенді қой сен! С.Бақб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *