Өзінен басқаны ойлауға мұршасы жоқ. * Әкесi өз басымен әлек: жасы жер ортаға жеткенде отбасын iрiтiп, өзгеге үйленiп кету оңайға соқпас. Ш.Құм. * Әркім өз басымен әлек болған мына аласапыран дүниеде мен кімге керекпін. Үзіліп түскен жалғыз жапырақ… Қай жерде барып тынысым бітерін бір құдайдың өзі білсін. Т.Ахт. * … біреулер Райханды алып қашуға бөтен бір ауылдың жігіттері келіпті деп сырттан тон пішіп долбарласа, сойыл Қарабеттікі емес, өз басымен әлек болып жүрген адам қызды қайтсін деген де жанашырлар шықты. С.Жүн.
